1 қараша 2024 жыл. Өскемен қаласы. Республика күнін мерекелеу аясында Қазақстан Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаев халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан Өскемен қаласының көрнекті тұрғындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Салтанатты шара Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында өтті.
Мерекелік шараға қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, ұстаздар, шығармашылық зиялы қауым мен қалың жұртшылық шақырылды.
Салтанатты шара барысында мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері марапатталды. Марапатталғандардың қатарында Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий де болды. Ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді нығайтуға және сақтауға көп жылғы үлесі үшін иерарх «Құрмет» (орден Почета) орденімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев 2024 жылғы 16 қазанда Өскемен епархиясының басшысын жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Ермек Беделбайұлы медельды табыстай отырып, архиепископ Амфилохийдің Шығыс Қазақстандағы конфессияаралық диалогты ілгерілетудегі, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті. Мәртебелі мырза өз жауабында мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, Рудный Алтай жеріндегі православие шіркеуінің жұмыстарына жоғары баға бергені үшін облыс басшысына алғысын білдірді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр телефон арқылы епископ Амфилохийді орден алуымен құттықтап, оған зор денсаулық пен Құдайдың мейіріміне бөленуін тіледі.
Статусына сәйкес, «Құрмет» ордені экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін табысталады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр