8 маусым 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Никольский соборындағы шіркеудің мәжіліс залында донорлыққа арналған қайырымдылық акциясы өтті.
Іс-шараны «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының (басшысы – В.М. Қапсамун) қолдауымен қалалық қан орталығы мен Алматы епархиясының «Мейірім» православие қызметі ұйымдастырды.
Қайырымдылық акциясына қатысқандар: Оңтүстік астанадағы шіркеулердің дін қызметкерлері мен приходтары, мейірбан әйелдер, еріктілер қатысты. Қан тапсыру процедурасын қамтамасыз ету үшін қалалық қан орталығының қызметкерлері жылжымалы станцияны орналастырды.
Іс-шара соңында донорлар үшін шай дастарханы ұйымдастырылды. Әрбір еріктіге Иерусалимдегі Иеміз Құдайдың Қасиетті қабір шіркеуінен Қасиетті от жағылған шам сыйға тартылды.
Бұған дейін донорлық арналған қайырымдылық шаралары
Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборы мен Құтқарушы Мәсіх соборында өткен болатын.
Донор болуға ниет білдіргендердің жалпы саны 80-нен астам адамды құрады.
Шараны ұйымдастырушылар қайырымдылық шарасына атсалысқандардың барлығына шын жүректен алғыстарын білдіреді.
Қасиетті алты Бүкіләлемдік Собор әкелерін еске алу мерекесіне арналған Жексенбі күні Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астанадағы Успение кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Аспан Патшайымы «Үшқолды» иконасының құрметіне арналған мереке. Митрополит Александр Алматыдағы Құдай Анасының Рождествосы храмында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Теңапостолды ұлы ханшайым Ольганы еске алу күні. Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Петропавл храмында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр