1 шілде 2025 жыл. Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофийдің батасымен Көкшетау қаласында
әулие Алексий шіркеуінің ауруханасы мейірбекелерді і дайындайтын оқу орталығын ашты. Бұл Қазақстан Республикасындағы мұндай орталықтың алғашқысы. Онда Мәскеу ауруханасының Оқу орталығының оқытушылары еріктілерге ауыр науқастарды күту бойынша кәсіби дайындық өткізеді.
Құрылып жатқан әпкелік қауымның рухани әкесі билеуші Варсонофий бұл жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. «Біздің міндетіміз – ауыр сырқатына немесе қарттығына байланысты күтімді қажет ететін тұрғындарға көмектесу. Ауыр науқасқа шалдыққандар күтімді мейірбекелерден үйде алады, олар сондай-ақ кәсіби күтімді қажет етеді. Бұл қызмет етуді мейірімді әпкелер өз мойнына алады», - деп атап өтті иерарх.
Оқытудан кейін мейірбекелер үйде кәсіби күтім көрсетеді, оның ішінде тамақтандыру, гигиеналық процедуралар, төсек жараларының алдын алу және ауыр науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін кешенді қолдау көрсетіледі.
Көкшетаудың 20 тұрғынынан тұратын алғашқы топ оқу-жаттығу жұмыстарын бастап та кетті. Сабақтарды өткізу үшін Мәскеуден әулие Алексий ауруханасының Оқу орталығынан екі оқытушы келді.
«Біз Мәскеуден барлық қажетті құрал-жабдықтарды әкеліп, оқу кабинетін толық жабдықтадық. Көкшетау тұрғындары күтім жасау бойынша кәсіби дайындықтан өтіп, одан кейін ерікті қызмет атқара алатыны қуантады.
Шіркеу ауруханасының қызметі Ресей Федерациясы аумағына тарайды, өйткені мейірімділік шекараны білмейді - мейірімді кәсіби қолдар мен мейірбекелердің көмегі барлық жерде қажет.
Жаңа мамандықты меңгеруде сәттілік тілейміз, аяулы жандарға Құдайдың жәрдемі болсын», - деп бөлісті аурухана директоры және бас дәрігер Алексей Заров.
Көкшетау әулие Алексий ауруханасы жабдықтап, оқу орталығын ашқан сегізінші қала болды.
Әулие Алексий ауруханасы - Орыс Православие Шіркеуінің 302 төсектік көпсалалы медициналық мекемесі.
Ауруханада дініне қарамастан Ресейдің барлық аймақтарынан келген адамдар емделеді. Иваново, Мәскеу және Ярославль облыстарында филиалдар ашылды. Науқастарды күту бойынша кіші медбикелерді оқытатын лицензиясы бар Оқу орталығы бар. Аурухана Ресейдегі науқастарға күтім жасау және мейірімділік танытуды үйрету бойынша мейірбикелерді дамытатын негізгі орталықтардың бірі болып табылады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр