ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Әлеуметтік қызмет
14.07.2025, 17:20

Алматыда көп балалы отбасыларға құрмет көрсетілді

Алматыда көп балалы отбасыларға құрмет көрсетілді

12 шілде 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр бастаған Петропавл шіркеуіндегі Литургиядан кейін отбасы, махаббат және адалдық күніне орайластырылған фестиваль өтті.

Мерекенің ұйымдастырушысы Алматыдағы «Орыс үйі» қоғамдық ұйымы болды. Ізгі кнәз Петр мен ханшайымы Февроний Муромский – православиелік неке қорғаушыларын еске алуға арналған іс-шара аясында Оңтүстік астананың көп балалы отбасыларын марапаттау өтті.

Ұлы шіркеулік мерекелері күндері көп балалы ата-аналарды құрметтеу – Қазақстан метрополиттік округінің ежелден келе жатқан жақсы дәстүрі. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен марапаттау рәсімін Астана епархиясының викарийі Қаскелең епископы Геннадий өткізді.

Іс-шараға қатысқандар: Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Алматыдағы Орыс үйінің басшысы М.С. Симакова, Алматыдағы Орыс үйінің халықаралық гуманитарлық жобаларының жетекшісі Т.В.Зубкова, «Жетісу казактары одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атаманы, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Алматы қалалық филиалының төрағасы, «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі В.С. Шихотов; Оңтүстік астана шіркеулерінің көптеген приходтары. Үш және одан да көп бала тәрбиелеп өсірген ата-аналарға Қазақстан Митрополиттік округінің наградаларына ұсынылды. Олардың отбасылары әзгі некенің, өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие берудің үлгісі болып табылады.

Салтанатты рәсім алдында епископ Геннадий марапатталушылар мен жиналғандарға отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы туралы сөз сөйледі. «Қазақстанның православие шіркеуінде көп балалы отбасыларды ресми түрде құрметтеу дәстүрі  – өз өмірінде берік христиан отбасы идеалдарын іске асырушыларға шіркеу ілтипатын білдіру бар.

Бұл салтанатты шаралардың мақсаты – дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтау және арттыру мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Шынайы махаббат абстрактілі, теориялық емес, әрекет етуші сезім. Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің дана сөзіне сәйкес: "Бұл - бере алу таланты, жан-тәнімен берілу таланты, жақынына жақсылық жасай ала білуі. Сонымен қатар, бұл басқа адамның бақыты үшін өз нәпсіқұмарлықтарын құрбан ету қабілеті". Көп балалы отбасын құруға бел буғандар қымбат дүниелерді емес, қымбатты адамдардың пайдасына – ата-ана бақытын, әке мен ана бақытын, ұл сүю және қыз бақытын, тозбайтын, уақыт өткен сайын көбейетін байлық жағына жақсы таңдау жасағандар», - деді иерарх.

Қазақстан Православие Шіркеуінің жоғары наградасы – «Ата-ана даңқы» медалімен марапатталғандар:

  • иерей Александр Богданов және ақ жаулықты Надежда Богданова (6 бала); 
  • Владимир Ильич Марьин және Ольга Александровна Марьина (6 бала); 
  • Константин Сергеевич Голубенко және Яна Анатольевна Голубенко (12 бала); 
  • Вадим Николаевич Азанов және Галина Юнусовна Азанова; (3 бала); 
  • Николай Николаевич Тарасенко және Татиана Викторовна Тарасенко (3 бала). 

Марапаттар табысталғаннан кейін Қазақстан Митрополиттік округі басқармасының басшысы жиналғандарға Иеміз Құдайдың шапағатын, зор денсаулық пен амандық тіледі.

Марапаттау рәсімінен кейін мерекенің барлық қатысушылары үшін шығармашылық шеберлік сыныптары мен дәм татқызу ұйымдастырылды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді