ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Әлеуметтік қызмет
15.07.2025, 15:30

Қазан соборында «Менің тату отбасым» мерекесі өтті

Қазан соборында «Менің тату отбасым» мерекесі өтті

13 шілде 2025 жыл. Алматы. Қазан соборындағы Құдайлық Литургиядан кейін Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен «Қазақстан халықтарының ертегілері» саябағында отбасы, махаббат және адалдық күніне орайластырылған «Менің тату отбасым» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шараны «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қоры (басшысы – В.М. Қапсамун) ұйымдастырды. 

Мереке қатысушылары: Астана епархиясының викарийі Қазақстан митрополиттік округінің істері жөніндегі басшысы Қаскелең епископы Геннадий; Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский, Оңтүстік астананың София соборының клиригі диакон Богдан Бойко, «Жетісу казактары одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атаманы, «Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Алматы қалалық филиалының төрағасы, «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі В.СШихотов; қалалық шіркеулердің приходтары, Оңтүстік астана тұрғындары.

Мерекелік шара басталар алдында епископ Геннадий жиналғандарға құттықтау сөзін сөйледі. Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Одан кейін «Үлкен отбасы – үлкен бақыт», «Отбасы құшағы», «Бақыт ұсақ нәрселерде» номинациялары бойынша фотобайқауға қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Шығармашылық байқаудың жеңімпаздары «Меломан» сауда желісінің дүкендеріне сертификаттар алды. 

Жас көрермендерге «Карамелька» балалар ансамблі мен «Халық әндері театры» ансамблі өнер көрсетті.

Шара барысында шығармашылық шеберлік сабақтары, дөңгелек билер, тақырыптық ойын-сауық және «Біздің отбасылық тағам» аспаздық байқауы өткізілді.

Мереке соңында қонақтарға тәтті тағамдар – самауырыннан ыстық шай ұсынылды.

Шараға 100-ден астам адам қатысты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді