10 тамыз 2025 жыл. Алматы. Жексенбі күні Құдайлық Литургиядан кейін Алматы қаласындағы Владимир соборында жас казактардың ант қабылдау рәсімі – казак атану рәсімі және дәстүрлі казак мәдениетінің фестивалі өтті.
Мерекелік іс-шараға қатысқандар: «Жетісу казактары Одағы» ЖКО республикалық қоғамдық бірлестігінің атаманы, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Алматы қалалық филиалының төрағасы, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының бірлестігі», «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі В.С. Шихотов, ЖКО Ақсақалдар кеңесінің төрағасы В.Р. Попов, ЖКО Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары В.В. Танышев; Ақсақалдар Кеңесінің мүшелері – В.К. Изюмников, А.Д.Чекменев, А.В. Грищенко, М.В. Молчанов, А.В. Шелехов; Алматы қаласы бойынша ЖКО филиалының атаманы, «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі С.В. Шихотов, ЖКО Алматы облысы бойынша филиалының атаманы Д.С.Чеснов және Алматының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.
Ант беру алдында казактар Литургияда дұға етті, ғибадат еттә және Мәсіхтің Қасиетті Құпияларын қабылдады.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен ант беруге жастарды Қазақстан православие шіркеуі казактарымен жұмыс жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, иерей Евгений Козлов пен «Жетісу казактары одағының» атаманы В.С. Шихотов әкелді. Жас жігіттер Православие дініне, Отанға, казактарға адал болуға ант берді. Жас казактар Евангелия мен Крестті, казак нышанын сүйді, ал діни қызметкер оларға қасиетті судан шашты.
Одан кейін иерей Евгений жиналғандарға православиелік рухани мәдениетті жаңғыртудағы казак қозғалысының маңызы және казак дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығы туралы бөлісіп, ғибратты сөзін айтты. Пастор жаңадан қабылданғандарға зор денсаулық және Құдайға, Щіркеуге және Отанға қызмет етуде сәттілік тіледі.
Жетісу казактары мен казак әйелдері К.Г. Разумовский атындағы Мәскеу технология және менеджмент университетінде (Бірінші казак университеті) білім алуға және ақсақалдар кеңесінен ақ бата алды.
Жетісу казактары 7 адаммен толықты: Қ.А. Гребенщиков, С.В. Дубук, А.И. Кривко, В.Н. Мирончик, В.В. Карпов, П.А. Гусев, С.В. Сухоруков.
Салтанатты шараның соңында казак мәдениетінің фестивалі өтті. Жиналғандар алдында “Жетісу казактары одағының мүшелері” казак лезгинкасымен және дәстүрлі қару-жарақ элементтерімен өнер көрсетті, одан кейін Оңтүстік Қазақстанның фольклорлық ансамбльдері мерекелік концерт қойды.
Іс-шара соңында «Казактар Отанға қызмет етуде» атты көрмесі өтті.
Жексенбілік күні Фома апостолын еске алу күні Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
ТолығырақОрал епархиясының ең қарт клиригі архидиакон Василийдің (Крюков) жаназасы өтті
ТолығырақМитрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов VI Еуразиялық шығармашылық форумға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр