ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Әлеуметтік қызмет
18.11.2025, 13:00

Оңтүстік астанада Алматы епархиясының «Православ әйелдері Одағының» отырысы өтті

Оңтүстік астанада Алматы епархиясының «Православ әйелдері Одағының» отырысы өтті

16 қараша 2025 жыл. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан Митрополиттік округінің әулие Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының тақ бөлмесінде Оңтүстік астананың  «Православин әйелдері Одағының» (ПӘО) отырысы өтті.

Жиналысты Талдықорған епископы, Астана епархиясының викарийі Клавдиан жүргізді.

Кездесуге қатысқандар: ПӘО аймақтық бөлімінің төрағасы Н.Гайченя, орталық жексенбілік мектебінің директоры және Алматы қаласы  «Православин әйелдері Одағының» басқарма мүшелері мен өкілдері.

Жалпы дұғадан кейін билеуші Клавдиан жиналғандарды қарсы алып, күн тәртібін жариялады.

Кездесудің басты оқиғасы ПӘО аймақтық  филиалының жаңа төрағасы - Надежда Гайченя ананы таныстыру болды.

Әрі қарай кездесуге қатысушылар дәстүрлі отбасы құндылықтарын қолдаудың негізгі бағыттарын қозғаған «Отбасын қорғаудың халықаралық декларациясы» туралы бейнероликті тамашалады.

Кездесу барысында Алматы епархиясындағы «Православин әйелдері Одағының» қызметін одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, Оңтүстік астанадағы ПӘО басқарма мүшелерінің кезекті отырысының күн тәртібі құрылып, бекітілді.

Кездесу соңында епископ Клавдиан жиналғандардың барлығына белсенді қатысқандары үшін алғысын айтып, алдағы істеріне Құдайдан жәрдем тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді