1 желтоқсан 2025 жыл. Алматы.
Mitropolia.kz сайтының редакциясы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен оқырмандар назарына «Мейірімділік» деректі фильмін ұсынады.
Кинолента «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының (президенті – В.М. Капсамун) бастамасымен және қолдауымен «Прообраз» YouTube арнасының қызметкерлерімен жасалған.
Фильм жалғызбасты қарттарға, ауыр науқастарға, аз қамтылған отбасыларға және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмектесетін «Мейірімділік» епархиялық қызметінің отыз жылдан астам жұмысы туралы баяндайды.
Кинолента «Мейірімділік» әлеуметтік қызметінің келесі негізгі бағыттары көрсетәлген: еріктілер көмегін ұйымдастыру, Оңтүстік астанадағы Никольский соборы жанындағы киім-кешек және азық-түлік қоймаларын пайдалану және қаланың паллиативтік көмек көрсету орталығымен өзара әрекеттестігі.
Фильмге әлеуметтік көмектің практикалық маңыздылығын көрсететін қайырымдылық қызметінің еріктілері мен бенефициарларының сұхбаттары мен жеке әңгімелері кіргізілген.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр