29 мамыр 2025 жыл – Иеміз Құдай және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Көкке Көтерілуінің он екінші мейрамы.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Патриархалдық қоналқалық үйінде – Миусидегі қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь София шіркеуінде – Қазақстан Православие шіркеуінің Мәскеудегі Өкілдігінде Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына қызмет еткенднр: Алматы теологиялық семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы шіркеудің кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко) және ауланың клириктері.
Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры ән шырқады. Қызмет Иеміз Құдайдың Көкке Көтерілуін мадақтаумен аяқталды. Митрополит Александр дін қауымын, өкілдік қызметкерлерін және приходтарды он екінші мейрамы мерекесімен құттықтап, уағызын айтты.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр