ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
11.11.2025, 15:00

Митрополиттік округ Басшысы Оңтүстік астанадағы Космо-Дамиановский шіркеуінің жаңадан қайтқан басшысы протоиерей Георгий Чистяковтке бағыштап дұға етті.

Митрополиттік округ Басшысы Оңтүстік астанадағы Космо-Дамиановский шіркеуінің жаңадан қайтқан басшысы протоиерей Георгий Чистяковтке бағыштап дұға етті.

11 қараша 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Иверско-Серафимовский монастырінің Матронинский шіркеуінде сол күні ұзаққа созылған аурудан кейін дүниеден озған Космо-Дамиановский шіркеуінің басшысы протоиерей Георгий Чистяковтке бағыштап дұға етті.

Архипасторға қызмет еткендер: Алматы рухани семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов; тәрбие ісі жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский; Библия және теология бөлімінің меңгерушісі иерей Олег Лисин; диакон дәрежелеріндегілер.

Жаназа әндерін О.Усолцеваның жетекшілігімен Иверско-Серафимовский монастырінің София соборының хоры және О.Кузнецова жетекшілік ететін Алматы семинариясының аралас хоры орындады.

Дұға бағыштау соңында митрополит Александр қауымға архипасторлық уағызын айтты.

Дінбасылар мен діндарлар жаңадан қайтқан протоиерей Георгийге арнап мәңгілік естелікті жырлады.

Марқұм пастор діни қызметкерлердің құрметіне және оның приходтары мен рухани балаларының сүйіспеншілігіне ие болған еді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді