2026 жылғы 7 қараша – Димитрийлік ата-аналарды еске алу сенбісі.
8 қарашада атап өтілетін қасиетті ұлы шейіт Димитрий Солунскийді еске алу күнінің алдындағы сенбі күні бастапқыда Куликово шайқасында қаза тапқан жауынгерлерді дұға арқылы еске алуға арналды. Уақыт өте келе Димитрийлік сенбі барлық өмірден өткен православ христиандарды аза тұтып, еске алу күніне айналды.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Христорождественск соборының Қасиетті Үшбірлік храмында Құдайлық Литургияны басқарды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Малотимофеевск епископы Гедеон және Талғар епископы Вениамин; Оңтүстік астана храмдарының құрметті өкілі, Николай соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; епархияның әулиелерді канондау жөніндегі бөлімінің жетекшісі архимандрит Иосиф (Еременко); Христорождественск соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя; Митрополиялық округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Қостанай епархиясы хатшысының міндетін атқарушы иеромонах Геннадий (Бурдюжа); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; иерей Максим Белый; иерей Максим Идрисов; Алматыдағы Қазан соборының басқарушысы иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттамалық қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Александр Джоджуа және диакон Иоанн Момбаев.
Құдайға құлшылық ету әндерін Алматыдағы Құтқарушы Христос храмының хоры Е. Скорованың жетекшілігімен орындады.
Литургия барысында өмірден өткен қазақстандық иерархтардың, Отан мен сенім жолында майдан даласында жанын қиған қолбасшылар мен жауынгерлердің, құдайсыздық пен қатал қуғын-сүргін жылдарында азапталып, өлтірілгендердің, аштықтан, суықтан, жарақаттардан, аурулардан және ауыр еңбек салдарынан көз жұмғандардың, сондай-ақ Қазақстан жерінде өмір сүріп, православиелік сеніммен дүниеден өткен барлық христиандардың рухына арнайы дұғалар бағышталды. Сондай-ақ бір күн бұрын Жаратқан Иенің құзырына аттанған жаңадан дүние салған схимитрополит Платон (Удовенко) ерекше еске алынды.
Қасиетті өлеңнен кейін архимандрит Иосиф (Еременко) уағызын айтты.
Литургия аяқталған соң Митрополиттік округ Басшысы ортақ дұғаға қатысқан дін қызметкерлері мен жамағатқа алғысын білдіріп, марқұмдарды еске алудың маңыздылығы, шәһидтік ерліктің мәні және Мәсіх жолында азап шеккендердің дұғалық шапағатының күші туралы уағыз айтты.
Құлшылық рәсімінен кейін «ежелден өмірден өткен барлық православ христиандардың» рухына панихида жасалды.
Митрополит Александр жиналған қауымға қасиетті су септі.
«Шіркеудің зор күші, Құдайдың Өзі сыйлаған ерекше билігі бар. Ол арқылы өз перзенттері болған марқұмдардың тағдырын өзгертуге мүмкіндік беріледі. Біз жүрегімізге жақын есімдер жазылған еске алу жазбаларын ғибадатханаға әкеліп, бізден бұрын өмір сүріп, дүниеден өткен туған-туыстарымыз бен жақындарымыздың ерікті және еріксіз күнәларының кешірілуі үшін шын жүректен дұға етеміз. Сондай-ақ просфоралар ұсынамыз. Литургияның ең басында, проскомидия кезінде қасиетті құрбандық үстелінде осы просфоралардан бөлшектер алынады. Құдайға құлшылық ету барысында рухани мәні ерекше маңызды сәт туады: осы бөлшектердің барлығы Иеміз Иса Мәсіхтің ең пәк әрі өмір сыйлаушы Қаны құйылған тостағанға салынады. Сол кезде: «Ием, осында еске алынғандардың барлығының күнәларын Өзіңнің Қасиетті Қаныңмен, әулиелеріңнің дұғалары арқылы тазарта гөр», – деген дұға оқылады. Еске алу жазбаларында есімдері жазылған туған-туыстарымыз, жақындарымыз бен таныстарымыз Қасиетті Тақта ұсынылатын Қансыз Құрбандық арқылы рақымға, рухани тазаруға және күнәларының кешірілуіне ие болады. Құдайдың ерекше қалауымен о дүниенің құпиялары ашылған тақуа жандардың куәлік етуінше, шіркеу олар үшін дұға етіп, қасиетті Евхаристияның Қансыз Құрбандығын ұсынған кезде, марқұмдардың рухтары зор жұбаныш пен айтып жеткізгісіз қуанышқа бөленеді». Митрополит Александрдың уағызынан.
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Байқоңырда «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті
Толығырақ
Қасиетті ұлы шейіт Димитрий Солунскийді еске алу күні – жексенбіде митрополит Александр Оңтүстік астананың бас храмында Құдайлық литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр