1 ақпанда 2026 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Шымалған стансасындағы Құдай Анасының Владимирский белгішесі құрметіне арналған приходта Шіркеудің қысқы мерекелері — Мәсіхтің Рождествосына, Қасиетті Богоявлениеге, Иеміздің Сретениесіне және Шіркеу Жылының Басталуына арналған балалар викторинасы өтті.
Астана епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы ұйымдастырған іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы облысындағы приходтардың 7 жексенбілік (шіркеу-приходтық) мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.
Интеллектуалдық сайыс басталар алдында «Зазеркалье» балалар қуыршақ театры (директоры — Н.П. Майбо) жиналған қауымға дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің ертегісі желісі бойынша қойылған «Қар ханшайымы» спектаклін ұсынды.
Одан кейін қатысушылар көпкезеңді викторинаның сұрақтарына жауап беріп, орыс тілі ережелері бойынша білімдерін сынады және тақырыптық үстел ойындарын ойнады.
Викторина қорытындысы бойынша Байкент ауылының қасиетті Серафим Саровский атындағы храмы, Боралдай кентіндегі Иверский храмы, Алматы қаласындағы Құтқарушы Мәсіх храмы және Шымалған стансасындағы Владимирский приходының командалары жеңімпаз атанды.
Жүлделі орындарды Қаскелең қаласындағы Михаило-Архангельский соборының, апостолдарға тең кнәз Владимир құрметіне арналған храмның және Алматы қаласындағы Иоанн Богослов храмы жанындағы жексенбілік мектептер иеленді.
Интеллектуалдық сайысқа қатысқан барлық балаларға Алматы епархиялық басқармасы тарапынан сыйға тартылған үстел ойындары мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятницаны еске алу күні митрополит Александр Алматыдағы Александр Невский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Байқоңырда «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр