15 ақпан 2026 жыл.Астана. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен апостолдарға тең Кирилл мен Мефодий атындағы Қазақстандық Митрополиттік округтің рухани-мәдени орталығының үлкен концерт залында Православие жастарының дүниежүзілік күніне арналған дәстүрлі XIV Бүкілқазақстандық Сретение балы өтті.
Іс-шара Астана православ жастар қозғалысының белсенділерімен (жетекшісі – дін қызметкері Сергий Дианов) ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарламаның көрермендері мен қатысушылары болғандар: Астана шіркеу округінің дін қызметкерлері, Астана, Алматы, Көкшетау, Степногорск және Қарағанды қалаларындағы православ жастар ұйымдарының мүшелері; жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары, елорда храмдарының прихожандары.
Іс-шараға қатысқандар: Астана қаласындағы Успен кафедралдық соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек), Алматы қаласындағы Қазан соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің жастар бөлімінің жетекшісі дін қызметкері Георгий Рублинский; Степногорск шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Игорь Шапорев, Көкшетау епархиясының жастар бөлімінің жетекшісі М.А. Сафин
XIV Сретение балының тікелей көрсетілімі «Instagram» әлеуметтік желісінде Астана құрметті өкілдігінің парақшасында жүргізілді.
Жиналған қауымға құттықтау сөзді иерей Георгий Рублинский . Митрополиттік округтің жастар бөлімінің жетекшісі Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астанай және Қазақстан митрополиті Александрдың православ жастарына жолдаған құттықтауын оқып берді.
Кеш бағдарламасына алдын ала кәсіби хореограф А.А. Козыреваның қатысуымен дайындық жүргізілген дәстүрлі веналық вальс пен полонез билері кірді.
Лирикалық шығармаларды елордалық Успен кафедралдық соборы хорының регенті Ольга Варенцова орындады.
Бал мерекелік шай дастарханымен және қатысушылардың ортақ естелік фотосуретке түсуімен аяқталды.
Салтанатты шараға 400-ден астам адам қатысты.
Қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятницаны еске алу күні митрополит Александр Алматыдағы Александр Невский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Байқоңырда «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр