2026 жылғы 3 мамырда Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Шымалған станциясындағы Владимирский приходында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Кремльден Рейхстагқа дейін» атты мектеп оқушыларының викторинасы өтті.
Алматы епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы ұйымдастырған шараға епархиялық жексенбілік мектептердің командалары қатысты.
Зияткерлік сайыс басталар алдында алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы В.Г. Сафонов балаларға әскери жабдықтардың үлгілерін көрсетті.
Одан кейін қатысушылар Ұлы Отан соғысының тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындап, үстел ойындарын ойнады.
Көп кезеңнен тұрған викторинаның қорытындысы бойынша Боралдай кентіндегі Иверский храмы мен Байкент ауылындағы қасиетті Серафим Саровский атындағы шіркеудің командалары жеңімпаз атанды.
Жүлделі орындарды Шымалған станциясындағы Владимирский приходының және Оңтүстік астанадағы Христорождественский соборының жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері иеленді.
Барлық қатысушыларға Алматы епархиялық басқармасы сыйға тартқан Ұлы Отан соғысының тарихына арналған төсбелгілер, үстел ойындары мен кітаптар табысталды.
Қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятницаны еске алу күні митрополит Александр Алматыдағы Александр Невский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Байқоңырда «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр