5 маусым 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы Православие діни семинариясының пастырлық, регенттік және катехизаторлық бөлімдеріне 2026–2027 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау басталды.
Құжаттар 20 маусым мен 24 тамыз аралығында рухани оқу орнының кеңсесінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Баишев көшесі, 28/7.
Басқа өңірлерден түсушілер үшін құжаттарды электронды түрде қашықтан тапсыру мүмкіндігі қарастырылған. Құжаттардың сканерленген көшірмелерін семинарияның электрондық поштасына жіберуге болады: seminaria.kz@yandex.ru.
Қабылдау емтихандары 25–26 тамыз күндері өтеді.
Алматы Православие діни семинариясына түсу үшін қажетті құжаттар тізімімен және қабылдау ережелерімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://seminaria.kz/ochnoe-obuchenie/#
Талапкерлерге «Дайындыққа арналған оқу құралдары» бөлімінде орналастырылған материалдармен алдын ала танысу ұсынылады. Бұл бөлімде діни ілім негіздері бойынша негізгі әдебиеттер мен қабылдау емтихандарына дайындалуға арналған интернет-ресурстарға сілтемелер берілген.
Қосымша ақпарат алу үшін телефон және WhatsApp: +7 771 55 82 377 және Электрондық пошта: seminaria.kz@yandex.ru арқылы хсбарласуға болады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр