6 маусым 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Никольский соборында Славян жазуы мен мәдениеті күндеріне арналған фестиваль өтті. Іс-шара Ресей Федерациясының Оңтүстік астанадағы Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.
24 мамырдан бастап, қасиетті теңапостол ағайындылар Кирилл мен Мефодийді еске алу күнінен бері Қазақстан Митрополиттік округінде дәстүрлі түрде ағартушылық шаралар өткізіліп келеді. Олардың мақсаты – славян халықтарының рухани және мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау, сондай-ақ классикалық әдебиет, музыка және поэзия негізінде конфессияаралық және ұлтаралық диалогты дамыту.
Таңертең Орталық жексенбілік мектептің ұстаздары мен тәрбиеленушілері мектеп директоры, митрополит Иосиф (Чернов) атындағы сыйлықтың лауреаты Г.В. Черепанованың жетекшілігімен Никольский соборында өткен Құдайлық Литургияға қатысты. Бұдан кейін шіркеулік жиналыстар залында педагогтар М.В. Привалова мен диакон Владимир Алферов дайындаған үлкен концерт өтті.
Мерекені Қазақстан Митрополиттік округі істерінің басқарушысы, Мәскеу Жазушылар одағының мүшесі, Қаскелең епископы Геннадий ашты.
Іс-шараға қатысқандар: Ресейдің Бас консулының жұбайы А.В. Тураева, Митрополиттік округтің мәдениет бөлімінің жетекшісі, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткері Л.Е. Горичева, Ресейдің Алматыдағы консулы Н.Г. Сорокина, «Жетісу казактарының одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атаманы, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.С. Шихотов.
Қонақтарға түрлі музыкалық қойылымдар ұсынылды: Антонио Вивальдидің музыкасы мен А.С. Пушкиннің өлеңдері негізінде қойылған «Жыл мезгілдері» композициясы, орыс халық билері, Н. Гумилевтің сөзіне жазылған «Храм Твой, Господи в Небесах…» әні орындалды. Оқушылар А.С. Пушкин мен Н.М. Рубцовтың өлеңдерін оқыды.
Мектеп тәрбиеленушілері К.И. Чуковскийдің әйгілі шығармасы желісімен сахналанған «Шыбын-Шіркей ханым» ертегісінің премьерасын ұсынды.
Концерттен кейін собор аумағында Орталық жексенбілік мектептің педагогтары балаларға арналған шіркеулік-славян тілі, қолөнер және асфальтқа сурет салу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр