10 маусым 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Никольский соборы жанындағы Орталық жексенбілік мектептің кешкі богословиялық курстары аясында 2025–2026 оқу жылының қорытынды сабағы өтті.
Іс-шараны Қазақстан Православие Шіркеуі істерін басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий жүргізді.
Кездесуге қатысқандар: Орталық жексенбілік мектептің директоры Г.В. Черепанова, сондай-ақ оқытушылар иеродиакон Афанасий (Козел), диакон Андрей Плахута, В.Н. Попов, Л.З. Александрович, Д.Е. Коржов және О.Н. Мирошникова.
Епископ жиналған қауымға арнап құттықтау сөз сөйлеп, кейін Қасиетті Троица туралы ілімге арналған дәріс оқып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қатысушылар атынан Қаскелең епископы Геннадийге алғыс сөзді Г.В. Черепанова жеткізді.
Өз кезегінде курс түлектері Астана және Қазақстан митрополиті Александрға, Қаскелең епископы Геннадийге, Никольский соборының настоятелі протоиерей Валерий Захаровқа және оқытушыларға атқарған еңбектері үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық пен жауапты қызметтеріне табыс тіледі.
Кездесу мерекелік дастарқан басындағы шай ішумен аяқталды.
Астана және Алматы архиепископы Алексийдің (қазіргі Тула және Ефремов митрополиті) батасымен 2001 жылдан бастап Орталық жексенбілік мектеп жанында барлық ниет білдірушілерге арналған екі жылдық богословиялық курстар жұмыс істейді. Сабақтар аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері өткізіледі. Курстардың негізгі мақсаты – православиелік сенім ілімінің негіздерін жүйелі түрде оқытуды ұйымдастыру.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр