ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
13.06.2026, 12:00

Калужск рухани семинариясы ректорының Алматы рухани мектебінің әкімшілігімен және студенттерімен кездесуі өтті

Калужск рухани семинариясы ректорының Алматы рухани мектебінің әкімшілігімен және студенттерімен кездесуі өтті

13 маусым 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан Митрополиттік округінің митрополит Иосифтің (Чернов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының тақ залында Калужмк рухани семинариясының ректоры, протоиерей Сергий Третьяковтың Алматы рухани мектебінің әкімшілігі және студенттерімен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысқандар: Алматы православие рухани семинариясының ректоры, теология кандидаты протоиерей Евгений Иванов; Боровенск ауылындағы Қасиетті Успение Ферапонт монастырінің басшысы иеромонах Андрей (Синицин) (Калужкс митрополиясы); тәрбие жұмысы жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский, оқу ісі жөніндегі проректор иерей Петр Бахтияров, рухани мектептің шіркеулік-практикалық кафедрасының меңгерушісі, теология кандидаты иерей Владислав Пашков; рухани мектеп кеңсесінің меңгерушісі иерей Александр Шишлов, иеромонах Херувим (Левин), сондай-ақ Алматы православие рухани семинариясының студенттері.

Протоиерей Евгений Иванов қонақты қарсы алып, оны студенттерге таныстырды.

Кездесу барысында баяндамашы Калужск рухани семинариясының тарихы мен қазіргі қызметі туралы әңгімелеп, биыл өзі басқарып отырған оқу орны екі маңызды мерейтой – құрылғанына 250 жыл және қайта жанданғанына 30 жыл толуын атап өтетінін жеткізді.

Протоиерей Сергий Третьяков жиналған қауымға Калужск рухани семинариясындағы оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми қызметтің ұйымдастырылуы жөнінде мәлімет берді.

Кездесу соңында құрметті қонақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұдан кейін протоиерей Евгений Иванов әкей Сергийге мазмұнды әңгімесі үшін алғыс айтып, Калужск және Алматы православие рухани семинариялары арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасатынына үміт білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді