22 маусым 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы православие рухани семинариясында шіркеулік ән айту пәндері кафедрасының отырысы өтті.
Жиынға рухани оқу орнының ректоры, теология кандидаты протоиерей Евгений Иванов төрағалық етті.
Кеңес жұмысына қатысқандар: семинария профессоры, Қазақстан Митрополитік округінің хатшысы, Ресей мен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы семинариясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский; регенттік бөлімнің меңгерушісі, митрополиялық хордың хормейстері В.В. Дударева; рухани мектептің сыныптан тыс жұмыс жөніндегі проректоры, Қазақстан Митрополиттік округінің мәдениет бөлімінің жетекшісі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Л.Е. Горичева; сондай-ақ семинарияның пастырлық және регенттік бөлімдерінің музыкалық пәндер оқытушылары.
Отырысты ашқан ректор-әке жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, күн тәртібін жария етті.
Әрі қарай кеңеске қатысушылар кафедра бағыты бойынша өткен емтихандардың қорытындыларын талқылады.
Жиынның негізгі тақырыбы рухани мектептің регенттік бөліміндегі оқудың үшінші жылына арналған оқу жоспарын қарастыру болды. Кафедра жетекшісі О.Н. Овчинников өз баяндамасында шіркеулік ән айтуды оқытудың өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелеріне назар аударды.
Отырыс соңында семинария ректоры протоиерей Евгений Иванов пен Олег Николаевич жиналғандарға Алматы православие рухани семинариясының игілігі жолындағы еңбектері үшін алғыс білдіріп, кафедра мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.
Алматы православие рухани семинариясында шіркеулік ән айту пәндері кафедрасының қорытынды отырысы өтті
Толығырақ
«Сенім адамы және Шіркеу адамы». Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың мәңгі есте қалатын митрополит Хрисанф (Чепиль) туралы мақаласы.
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы мәңгі есте қалатын тұлғалар – Вятка және Слободской өлкесінің алғашқы митрополиті Хрисанфқа және схиигумения Макарияға (Травина) арнап лития жасады
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр