2026 жылғы 29 шілдеде Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы қаласында танымал уағызшы, миссионер және православиелік блогер, иерей Павел Островскиймен кездесу өтеді.
Іс-шара «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының (президенті – В.М. Капсамун) қолдауымен ұйымдастырылады.
Әкей Павел Островский – Мәскеу облысының Нахабино кентіндегі Георгий храмының басшысы, бірнеше кітаптың және көптеген ағартушылық жобалардың авторы.
Кездесу ашық әңгіме форматында өтеді. Оның барысында рухани өмір, отбасылық құндылықтар және қазіргі әлемдегі христиандық куәлік мәселелері талқыланады. Кездесуге барлық ниет білдірушілер шақырылады.
Басталуы сағат 19:00-де.
Өтетін орны: Қазан соборының жанындағы «Қазақстан халықтарының ертегілері» саябағы ( Алматы қ., Халиуллин көшесі, 45а).
Қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятницаны еске алу күні митрополит Александр Алматыдағы Александр Невский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Байқоңырда «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр