ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Әлеуметтік қызмет
12.12.2025, 11:00

Митрополитік округ Басшысы рухани-адамгершілік тәрбие саласының қызметкерлерін шіркеу наградаларымен марапаттады

Митрополитік округ Басшысы рухани-адамгершілік тәрбие саласының қызметкерлерін шіркеу наградаларымен марапаттады

11 желтоқсан 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығының камин залында Қазақстандағы Православие дінінің игілігі үшін қызмет еткендерге және өткелі жатқан жылда мерейтойларын атап өтіп жатқандарға шіркеу марапаттары табыс етілді.

Марапатталғандардың қатарында болғандар: Никольский соборының кілтшісі протоиерей Игорь Светличный, 

Патриархалдық архидиакон Константин Барган, «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун мен оның жұбайы В.И. Капсамун.

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округінің регенті, орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Митрополиттік округтің ақпараттық- баспа бөлімінің басшысы, Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры, теология ғылымдарының кандидаты протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Митрополиттік протокол қызметінің басшысы архидиакон Роман Головин; Алматы епархиясының қайырымдысы, «Premier Group» ЖШС бас директоры Д.И. Горбашев.

Митрополиттік округ Басшысы жиналғандарды жылы қарсы алып, рухани-мәдени орталықтағы кездесудің Қазақстан үшін күні бұрын болған айтулы оқиға – Маловодное ауылында Құдай Анасының Рождествосы құрметіне жаңадан салынған ғибадатханасын қасиетті етумен байланысты екенін атап өтті. Иерарх Солигалич қаласында және Ежелгі Кострома жеріндегі Қасиетті Троица Ипатиев монастырінде Аспан Патшайымының Рождествосына арналған екі ежелгі шіркеудің қайта жаңғыруы туралы жеке естеліктерімен бөлісті.

Билеуші  митрополит«Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамунге Маловодное ауылындағы Богородице-Рождественский шіркеуінің құрылысына көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысын білдірді. Митрополиттің айтуынша, жаңадан бой көтерген ғибадатхана Семиречья көркіне айналды және бүкіл Қазақстанға тараған Құдай Анасының аналық Қамқорлығының айқын айғағы болды.

Кездесуге қатысушылар «Eleos-Meirim қоғамдық қорының қолдауымен Алматы епархиясында жүзеге асырылып жатқан білім беру жобаларын талқылады. Атап айтқанда, тараптар приходтық жексенбілік мектептердің қызметі және балалар мен жастарға православиелік білім беру үшін қалалық және ауылдық шіркеулер жанынан жаңа рухани-мәдени орталықтар салу қажеттілігі туралы пікір алмасты.

Православиенің игілігі үшін жасаған еңбектері үшін:

  • Eleos-Meirim» қоғамлық қорының президенті В.М. Капсамун - Алматы митрополиті қасиетті діндар Николай орденіне; 
  • Никольский соборының кілтшісі протоиерей Игорь Светличный -  Қарағандылық қасиетті Севастиан орденіне;
  • Патриархтық архидиакон Константин Барган - «Енбек Үшiн» (За труды) орденіне;
  • «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун жұбайы  В.И. Капсамун - «Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София» медаліне ие болды.

Жоғары Мәртебелі жиналғандарды құттықтап, күш-жігерлері үшін алғысын айтып, денсаулық, ұзақ ғұмыр және Жаратқан Иенің мейіріміне бөленуді тіледі.

Марапаттаушылардың атынан протоиерей Игорь Светличный Митрополиттік округ Басшысына жауап ретінде хатын жолдады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді