ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
31.05.2026, 14:00

Өмір беруші Қасиетті Үштік мерекесінде митрополит Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургия мен ұлы кешкі ғибадатты өткізді (+БЕЙНЕЖАЗБА)

Өмір беруші Қасиетті Үштік мерекесінде митрополит Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургия мен ұлы кешкі ғибадатты өткізді (+БЕЙНЕЖАЗБА)

2026 жылғы 31 мамыр – Қасиетті Үштік күні, Елуінші күн мейрамы, Киелі Рухтың апостолдарға түсуін еске алу мерекесі.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Оңтүстік астана храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» иконасы құрметіне арналған храмның басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Алматы епархиясының рухани тәлімгері архимандрит Иоанн (Сазонов); епархияның әулиелерді заңдастыру бөлімінің жетекшісі архимандрит Иосиф (Еременко); Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; игумен Онисим (Тульников); Митрополиттік округ басшысының хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Виталий Быструшкин; диакон Александр Пивень; диакон Иоанн Жучков; диакон Георгий Ткаченко.

Құлшылық барысында дұға еткендер: Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері мен көптеген прихожандар.

Қасиетті әндерді Митрополиттік округтің хоры (регенті – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; хормейстері – В. Дударева) және Вознесенск соборының хоры (регенті – Е. Богуславец) орындады.

Шіркеу Жарғысына сәйкес Елуінші күн мейрамының Құдайлық литургиясында пайғамбарлық жырлардан құралған ерекше антифондар орындалады: 18-ші жырдың («Аспандар Құдайдың ұлылығын паш етеді, ал көк жүзі Оның қолдарының ісін жариялайды») қайырмасы – «Құдай Ананың дұғалары арқылы, Уа, Құтқарушы, бізді құтқара гөр»; 19-шы жырдың («Қайғы күні Жаратқан Ие сені естісін») қайырмасы – «Ізгі Жұбатушы, Саған: «Аллилуия!» деп ән салушыларды құтқара гөр»; 20-шы жырдың («Уа, Жаратқан Ие, Патша Сенің құдіретіңе қуанады») қайырмасы ретінде мерекелік тропары – «Даналыққа кенелген балықшыларды көрсеткен Мәсіх Құдайымыз, Сен мадақталдың» айтылады. Литургияда Трисвятое әнінің орнына «Мәсіхке шомылдыру рәсімінен өткендердің бәрі…» деген шоқындыру гимні орындалады. Бұл – ежелгі дәстүр бойынша осы күні катехумендердің шоқындырылуын еске алу белгісі. Литургиядағы Апостолдық оқуда Киелі Рухтың апостолдарға түсу оқиғасы баяндалады (Қасиетті Апостолдардың істері кітабы, 2-тарау, 1–11 аяттар). Ал Інжіл оқуында (Иоаннан Інжіл, 7-тарау, 37–52 аяттар; 8-тарау, 12-аят) Құтқарушының рухани шөлдеген барлық адамдарға Киелі Рухтың рақымын жіберетіні туралы уәдесі жария етіледі. Бұл рақым Иеміз Иса Мәсіхке сенушілер арқылы бүкіл әлемге төгілуге тиіс.

Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды архимандрит Иосиф (Еременко) оқыды.

Көптеген діндарлар Мәсіхтің Қасиетті Құпияларына қатысты.

Литургия аяқталғаннан кейін митрополит Александр әулие Василий тізе бүгіп оқылатын дұғаларымен бірге Ұлы кешкі ғибадатты басқарды.

Дұғалық тағзым ету үшін дін қызметкерлері алтарьдан ежелгі библиялық қасиетті жәдігер – Мамврий еменінің бір бөлігі салынған кемені ғибадатхананың ортасына алып шықты.

Кешкі ғибадаттың басында жамағат Киелі Рухқа арналған «Көктегі Патша» дұғасын бірге орындады. Құлшылық Жарғысына сәйкес ұлы күшейтілген дұғаның әдеттегі өтініштеріне «Киелі Рухтың рақымын күтіп тұрған халық үшін», «Жаратқан Иенің алдында жүректері мен тізелерін игендер үшін» және басқа да ерекше өтініштер қосылды. Сондай-ақ: «Біздің Құдайымыздай ұлы Құдай бар ма? Ғажайыптар жарататын Құдай – Сенсің» деген ұлы прокимен орындалды.

Қасиетті Елуінші күн мерекесіндегі Ұлы кешкі ғибадаттың басты ерекшелігі – IV ғасырда әулие Ұлы Василий құрастырған тізе бүгіп оқылатын дұғалардың оқылуы. Бірінші дұғада сенушілер Құдай Әкеге күнәларын мойындап, олардың кешірілуін және жау азғыруларына қарсы көктен жәрдем сұрайды. Екінші дұғада Құдайдың өсиеттерін орындауға бағыт беріп, нығайтатын Киелі Рухтың сыйын тілейді. Ал Құдай Ұлына бағышталған үшінші дұғада Шіркеу дүниеден өткен әкелеріміз бен бауырларымыздың жандарының тыныштығы үшін жалбарынады. Бұл дұғада тозақтағы жандар үшін де өтініш айтылып, Жаратқан Иеден оларды жарық, тыныш әрі салқын мекенге орналастыруы сұралады.

Мерекелік кешкі ғибадат ерекше отпустпен аяқталды: «Әкелік және Құдайлық қойнаудан шығып, көктен жерге түскен…» деп басталатын бұл отпусттың мазмұны өте кең. Онда Құдайдың адам болып келуінен бастап, Крестегі азап шегуі мен өліміне, сондай-ақ апостолдарға Киелі Рухты жіберуіне дейінгі бүкіл құтқарушылық істері мадақталады.

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллге, Қазақстан Митрополиттік округінің архипастырьларына, Президентке, билік өкілдеріне, әскерге және Қазақстан халқына көпжылдық жарияланғаннан кейін митрополит Александр жиналған қауымға уағыз айтты.

Көне өсиет заманынан бастау алатын ежелгі дәстүр бойынша Елуінші күн мейрамында ғибадатхана ағаш бұтақтарымен, өсімдіктермен және гүлдермен безендірілді. Құлшылық барысында дін қызметкерлері мен жамағат Киелі Рухтың күшімен адам жанының жаңаруын бейнелейтін гүлдер мен жасыл бұтақтарды қолдарында ұстап тұрды.

Иерарх сенушілерге қасиетті суды септі.

Құдайлық Литургияның тікелей көрсетілімі «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының (президенті – В.М. Капсамун) бастамасымен және қолдауымен «Прообраз» YouTube арнасында жүргізілді.

Құлшылықтың бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиттік округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері В.Л. Посаднева, оператор – А. Шмидт) жүзеге асырды. Фототүсірілімді Митрополиттік округтің ақпарат бөлімінің және «Eleos-Meirim» қорының қызметкері А. Халин жүргізді.

«Қасиетті Үштік күні, Елуінші күн мерекесі сенушілердің жүрегін ерекше қуанышқа бөлейді. Біз шіркеудің дұғаларына жауап ретінде Мәсіх арқылы Әкеден Киелі Рухтың берілетініне қуанамыз. Біз шақыратын Жұбатушы, Көктегі Патша Киелі Рух бізді Құдайдың рухани перзенттері етеді, Құдай Әкемен және Иеміз Иса Мәсіхпен бірлікке жеткізеді. Киелі Рух православиелік христиандардың бірлігін жүзеге асырады. Олар біртұтас тәнге – Шіркеуге, осы дүниедегі Құдай Патшалығына айналады. Киелі Рухтың дүниеге келуімен адамдарға Өмір беруші Қасиетті Үштіктің құпиясы ашылды. Адамзат Көк пен Жерді Жаратушы Құдіретті Құдайдың болмысы жағынан Бір, бірақ Үш Ипостасьта өмір сүретінін білді. Біз Бір Құдайға – Әкеге, Ұлға және Киелі Рухқа сенеміз, Біртұтас әрі Бөлінбейтін Үштікке тағзым етеміз. Алайда біздің ақыл-ойымыз бұл қасиетті әрі ұлы ақиқатты толық қамти алмайды.

Шіркеу ұстазы қасиетті Августин өзінің әйгілі рухани шығармасы – «Исповедь» еңбегінде Қасиетті Үштік туралы көп ойланғанын, бұл құпияны түсінуді қатты қалағанын, бірақ оған толық жете алмағанын баяндайды. Бір күні ол теңіз жағасына келеді. Сол жерде құмға кішкентай шұңқыр қазып алып, оған уыстап теңіз суын тасып жүрген баланы көреді. Августин баладан не істеп жүргенін сұрағанда, ол: «Теңізді осы шұңқырға құйып бітіргім келеді», – деп жауап береді. Сонда Августин: «Бұл мүмкін емес қой! Кішкентай шұңқыр бүкіл теңізді сыйғыза алмайды», – дейді. Сол кезде періште кейпіндегі әлгі бала оған былай дейді: «Егер мына шұңқырға теңізді сыйғызу мүмкін болмаса, сен Қасиетті Үштіктің шексіз мұхитын өз ақылыңа қалай сыйдырмақсың?»

Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді